ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ: ҒЫЛЫМДАҒЫ ӘЙЕЛДЕРГЕ ПӘТЕР СЕРТИФИКАТТАРЫ БЕРІЛДІ

Жарияланған күні: 08 наурыз 2026

Қазақстанда жас ғалымдарды қолдауға бағытталған бірқатар бастамалар жүзеге асып келеді. Солардың бірі – жас зерттеушілердің тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған қолдау шаралары.

Пәтер сертификатына ие болғандардың қатарында Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының қызметкері Гаухар Қалдыбаева да бар.

«Тұрғын үй иесі атану мен үшін үлкен мәртебе. Қазіргі таңда мемлекет ғылымды дамыту бағытында бірқатар шараларды жүзеге асырып келеді. Соның бірі – жас зерттеушілердің тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған қолдау. Осындай мүмкіндіктің арқасында ғылымдағы өз бағытыма толық көңіл бөліп, зерттеу жұмыстарымды жалғастыруға мүмкіндік алып отырмын», – деді ол.