Халықаралық әйелдер күні қарсаңында отандық ғылымның дамуына үлес қосып жүрген жас ғалымдарға тұрғын үй сертификаттары табысталды

Жарияланған күні: 08 наурыз 2026

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында отандық ғылымның дамуына үлес қосып жүрген жас ғалымдарға тұрғын үй сертификаттары табысталды. Бұл бастама жас зерттеушілерді қолдауға және олардың ғылыми қызметіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Пәтер иегерлерінің қатарында Ядролық физика институтының қызметкері Милана Сайдуллаева да бар. Оның айтуынша, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау жас ғалымдардың кәсіби дамуына үлкен серпін береді.

«Жас ғалымдарға қолдау көрсетіп жатқаны үшін Мемлекет басшысы мен Ғылым және жоғары білім министрлігіне алғысымды білдіремін. Жас ғалымдарды қолдағаны үшін еліміздің Президентіне және Ғылым және жоғары білім министрлігіне алғысымды білдіремін. Пәтер алу мен үшін өте маңызды әрі қуанышты оқиға болды. Мұндай мемлекеттік қолдау біз сияқты жас мамандар үшін аса маңызды және еліміздің игілігі үшін еңбек етуге үлкен ынталандыру береді», – деді жас ғалым.