Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жас ғалымдарды қолдау мақсатында тұрғын үй сертификаттары табысталды

Жарияланған күні: 08 наурыз 2026

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жас ғалымдарды қолдау мақсатында тұрғын үй сертификаттары табысталды. Бұл бастама отандық ғылымды дамытуға, жас зерттеушілердің ел игілігі жолындағы еңбегін ынталандыруға бағытталған.

Аталған әлеуметтік қолдау жас ғалымдардың ғылыми жобаларды тиімді жүзеге асыруына, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуіне және ғылыми әлеуетін толық ашуына қосымша мүмкіндік береді. Тұрғын үй мәселесінің шешілуі жас зерттеушілердің тұрмыстық алаңдаушылықтан арылып, ғылыммен жүйелі түрде айналысуына жол ашады. ️

Экономикалық зерттеулер институтының кіші ғылыми қызметкері Шапағат Шерхан көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді.