Мемлекет қолдауы: Алматыда жас ғалымдарға 14 пәтердің сертификаты берілді

Жарияланған күні: 17 ақпан 2026

Мемлекет қолдауы: Алматыда жас ғалымдарға 14 пәтердің сертификаты берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан жас ғалымдарды қолдау мақсатында 14 пәтердің тұрғын үй сертификаты табысталды.

Сертификат иегерлерінің қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультеті Метеорология және гидрология кафедрасының аға оқытушысы Аида Мұңайтпасова да бар.

Өз әсерімен бөліскен жас ғалым бұл күннің отбасы үшін айрықша қуанышты екенін атап өтті:

«Бүгін – біздің отбасымыз үшін ерекше күн. Президенттің тікелей тапсырмасымен ғылымды дамыту және жас ғалымдарды қолдау мақсатында пәтер сертификатының иегері атанып отырмыз. Бұл – жас ғалымдарға көрсетілген маңызды қолдау. Осындай мүмкіндіктер жас зерттеушілердің ғылыммен алаңсыз айналысуына жол ашады», – деді Аида Нұрғалиқызы.

Сондай-ақ жас зерттеуші өз ғылыми бағыты аясында кафедрада атқарылып жатқан зерттеу жұмыстары мен бастамаларға да тоқталды.