ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің құрылғанына үш жылдығы аясында басталған жас ғалымдардың онкүндігіне арналған бейнежобаның кезекті кейіпкері – Қозыбаев университеті мен Аризона университеті халықаралық кампусының доценті, PhD докторы Юлия Бызова
Зерттеуші жол жабындарының қызмет ету мерзімін ұлғайту үшін ҚР кәсіпорындарының қалдықтарын ұтымды пайдалану негізінде модификацияланған битум композициялары мен асфальтбетон қоспаларын әзірлеумен айналысады.
Ғалымның айтуынша, елдің әлеуметтік-экономикалық бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан асфальт-бетон жабындарының сапасын жақсарту өзекті мәселе. Осылайша, битумның қасиетін жақсарту арқылы жол жабындарының қызмет ету мерзімін арттырып, олардың беріктігін қамтамасыз етуге болады.
Юлия Бызова өндірістік саладан ғылыми қызметті саналы түрде таңдады. Ол қазақстандық ғылымға өз үлесін қосуға дайын.