Жас ғалымдар туралы жобамыздың келесі кейіпкері – PhD доктор, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қауымдастырылған профессоры Мақсот Рахметов

Жарияланған күні: 17 маусым 2025

Жас ғалымдар туралы жобамыздың келесі кейіпкері – PhD доктор, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қауымдастырылған профессоры Мақсот Рахметов

Қазіргі уақытта 2025-2027 жылдар аралығында жасанды интеллект қағидаттарына негізделген қашықтан оқыту платформасын құру әдістемесін дайындау бойынша ғылыми жобасы гранттық қаржыландыруға ие болған. Аталған платформа білім алушыларға дербес қолдау көрсетіп, логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған көмекші құрал ретінде ұсынылады.

«Ғылым мен жоғары білім министрлігі мен Отбасы банкінің өзара меморандумы аясында жүзеге асып жатқан қолдаудың нәтижесінде мен де баспаналы болдым. «Өнер – ағып жатқан бұлақ, ғылым – жанып тұрған шырақ» деген дана халқымыздың сөзімен айтқанда, әр жас қазақстандық ғылыммен айналысса, еліміз дамыған мемлекеттермен иық теңестіріп, кең өрісті болары сөзсіз. Сондықтан да барша жас ғалымдарды, ізденуші жастарды ғылыммен шұғылдануға шақырамын!», – деді жас ғалым.