Жас ғалымдар туралы жобамыздың жаңа шығарылымында – ЕҰУ Инновацияларды дамыту департаментінің директоры – Әсел Ермекқызы Жексембаева
Қазақстанда жол-құрылыс инжинирингі орталығын құру бойынша ірі мегажобаның ғылыми жетекшісі:
«Біз Жапония мен Корея университеттерінің халықаралық сарапшыларымен бірлесе жұмыс істеп, битум мен құрылыс материалдарын зерттеп жатырмыз. Мақсатымыз – еліміздегі жолдарды сапалы әрі ұзақ мерзімді ету», – дейді Әсел Ермекқызы.
70-тен астам ғалымнан құралған команда бірнеше бағыт бойынша зерттеу жүргізіп жатыр: полимер-битум қоспалары, дыбыс оқшаулағыш құрылыс материалдары, Hitachi, Bruker сынды әлемдік брендтердің заманауи жабдықтары арқылы механикалық сынақтар.
«Ғылым мен технология саласындағы мемлекеттік қолдау – ғылымымыздың дамуына үлкен серпін береді, жаңа идеяларды тудырып, оларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ол.