Жас ғалымдардың онкүндігіне арналған бейнежоба

Жарияланған күні: 13 маусым 2025

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі құрылғанына үш жыл толуына орай жас ғалымдардың онкүндігіне арналған бейнежобаны ұсынады. Бұл жоба министрліктің елеулі жетістіктерін жариялауға, сондай-ақ жас ғалымдардың Қазақстанның ғылыми және білім беру әлеуетін дамытуға қосқан үлесі мен рөлін көрсетуге бағытталған.

🎥 Бейнежоба аясында ғылым, инновация және жоғары білім беруді дамытудағы жетістіктер көрсетіледі, сондай-ақ жас ғалымдардың еліміздің болашағына қосқан маңызды үлесі атап өтіледі.

✅ Жобаның бірінші кейіпкері – Satbayev University Тау-кен металлургия институтының аға оқытушысы Ерік Меркібаев. Жас ғалым қиын байытылатын қорғасын-мырыш кендерін өңдеу саласында қолданбалы зерттеулермен айналысады. Оның ғылыми еңбектері металдарды алу тиімділігін арттыруға және қоршаған ортаға техногендік жүктемені азайтуға бағытталған.

🗯️ Оның айтуынша, ғылымға деген қызығушылығы мектепте, химия мен физика сабақтарында пайда болған. Сол кезде оны тәжірибелер мен эксперименттер ерекше қызықтыратын, себебі олардың көмегімен табиғаттағы құбылыстардың негізінде жатқан нақты үдерістерді көруге болатын. «Барлығы қалай жұмыс істейді?» деген ұмтылыс оны ғылым әлеміне жетеледі.