Қазақстандықтар Қытай мен Мажарстанда тегін оқи алады
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және Сыртқы істер министрлігі және Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдер шеңберінде қазақстандықтар жетекші университеттерде жоғары білім ала алады.
Мажарстан 2024-2025 оқу жылына арналған «Stipendium Hungaricum» бағдарламасы бойынша 250 грант ұсынады: бакалавриатқа 110 орын, магистратураға 90 орын, бакалавриат+магистратураға 30 орын, докторантураға 20 орын.
Қытай үкіметі бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша 155 оқу грантын ұсынады.
Екі грант та келесі шығындарды жабуды көздейді:
• тегін оқыту;
• ай сайынғы стипендия («Stipendium Hungaricum»: бакалавриат HUF 43.700, докторантура – HUF 140.000 (алғашқы 4 семестр) және HUF 180.000 (екінші 4 семестр), Қытай: бакалавриат – 2500 юань, магистратура-3000 юань, докторантура - 3500 юань);
• жатақханада тұру;
• медициналық сақтандыру.
Қалған шығындарды грант иегері өз бетінше өтейді. Үміткерлер келесі турлардан өткеннен кейін таңдалады:
• тәуелсіз сараптама комиссиясының мүшелерімен, оның ішінде онлайн режимінде үміткерлердің дербес әңгімелесуін өткізу;
• үміткерлердің материалдарын қарау және қорытынды комиссияның шешім қабылдауы.
Конкурстық іріктеудің негізгі критерийлері:
• балдық жүйе бойынша шет тілін білу деңгейі;
• балдық жүйе бойынша білім туралы құжаттың орташа балы;
• тәуелсіз сараптама комиссиясын бағалау. Құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 31 қаңтарға дейін (қоса алғанда) «Электрондық Үкімет» порталы арқылы жүргізіледі (Egov.kz немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» офисінде офлайн (Астана қ., Сығанақ 70).
Қытайға конкурстық іріктеуге қатысуға үміткерлер 2024 жылғы 29 қаңтарға дейін Қытай стипендиялық кеңесінің сайтында онлайн-тіркеуден өтуі тиіс.
Толық ақпаратты және құжаттарды тапсыру жөніндегі нұсқаулықпен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайтында танысуға болады. bolashak.gov.kz.