Жаһандық рейтингтегі жетекші университеттер Қазақстанға келіп жатыр
Жаһандық рейтингтегі жетекші университеттер Қазақстанға келіп жатыр. Қазірдің өзінде елдің әр өңірінде 8 шетелдік білім ордасы жұмыс істейді. Бұл білім сапасын арттырып, салаға халықаралық стандарттарды енгізуге мүмкіндік береді. Жақын арада елге келуге ниет білдіріп отырған университеттер де бар.