Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы Ханчжоуда өтіп жатқан XIX Азия ойындарына қатысушы Қазақстанның ұлттық құрамасын қолдау мақсатында флешмоб ұйымдастырды.

Жарияланған күні: 02 қазан 2023

Қолдау рәсімі ұлттық құрама командамыздың барлық мүшелерін, сондай-ақ ел намысын қорғаушы Академияның спортшы-студенттерін жігерлендіруге арналады.

Студенттер мен Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ұжымы ХІХ Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасына толағай жеңістер мен жоғары нәтижелер тілейді.