БІЛІМ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙДІ
Қазақ спорт және туризм академиясының Президенті Қайрат Закирьянов Өзбек мемлекеттік дене тәрбиесі және спорт университетінің ректоры Махмуджон Болтабаевпен кездесті.
Бұл жиында қос тарап білім беру және ғылыми бағдарламалар бойынша ынтымақтастық орнату, бірлесіп ғылыми жобаларды іске асыру, тәжірибе алмасу, конференция, семинар өткізу және спорттық жарыстар ұйымдастыру жөнінде келісімге келді. Себебі Өзбекстан мемлекеттік Дене шынықтыру және спорт университеті – ТМД елдерінің ішінде спорттық-жаттығу базасы мықты, кәсіби мамандандырылған жоғарғы оқу орындарының бірі болып есептеледі. Ал Қазақ спорт және туризм академиясы талай Олимпиада чемпиондары мен кіл мықты спортшылар түлеп ұшқан ара шаңырақ ретінде жоғары беделге ие. Бұл халықаралық жиынның маңызы өте жоғары. Өйткені студент-спортшыларға екі елдің кәсіби спортшылары дәріс оқиды, спортшылардың жаттығу базасы кеңейеді.