С. ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ АТМГУ БАСКЕТБОЛШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СПОРТ ЖАРЫСЫНДА КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ

Жарияланған күні: 13 қыркүйек 2023
С. ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ АТМГУ БАСКЕТБОЛШЫЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СПОРТ ЖАРЫСЫНДА КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ
Алғаш рет Ресей Федерациясының Астрахань қаласында 2023 жылғы 5-10 қыркүйек аралығында университет командалары арасында халықаралық «Каспий ойындары» спорттық жарысы өтті. Жарысқа Ресей, Беларусь, Түркіменстан, Әзірбайжан және Қазақстаннан 200-ден астам спортшы қатысты.
Спорттық турнир 4 спорт түрі бойынша өтті: гандбол, баскетбол, дзюдо және фиджитал дене шынықтыру ойындары. Жарысқа дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Асқар Қазиевтің жетекшілігімен Қазақстан атынан қатысқан С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің баскетбол командасы қатысып, жүлделі екінші орынды иеленді.