Саясат Нұрбек инновациялық технологиялар ғылыми-зерттеу орталығының өкілімен кездесті

Жарияланған күні: 06 қыркүйек 2023
Саясат Нұрбек инновациялық технологиялар ғылыми-зерттеу орталығының өкілімен кездесті

Тараптар Инновациялық Университеттердің Халықаралық қауымдастығының жоспарын талқылады.

 

«Қауымдастықтың басты мақсаты – мобильді қосымшаларды енгізу арқылы жоғары оқу орындарын, оның ішінде оқу процесін, электронды журналдарды, онлайн кітапханаларды, студенттерді жұмыспен қамтуды және жатақханаға орналастыруды цифрландыру екенін айтты. Университет интеллектуалдық әлеуеттің орталығы болып табылатынын ескере отырып, осы қауымдастықтың тағы бір бағыты ғылымның инновациялық дамуының маңызды факторы ретінде зияткерлік капиталдың маңыздылығын арттыру және білім беру жүйесіне заманауи инновациялық технологияларды енгізу мақсатында отандық және шетелдік университеттердің үздік спикерлерінің қатысуымен халықаралық конференция ұйымдастыру болып табылады. Қауымдастықтың үшінші бағыты - IT орталықтары арқылы дуальды білім беруді дамыту», - деп атап өтті Бекзада Алымова.

 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қауымдастықтың үш бағытын қолдап, Қазақстанның жоғары білім және ғылым жүйесін дамыту және нығайту мақсатында министрлік жүргізіп жатқан реформалар туралы айтты. Соның ішінде тамыз айында форумда ұсынылған Министрліктің ағымдағы инновациялық жобаларымен таныстырды. Google, Amazon, The World Bank шетелдік компанияларымен ынтымақтастықтың нығая түскенін айтты. Еліміздің барлық жоғары оқу орындарында Google курсының енгізілгені, сондай-ақ еліміздің 25 жоғары оқу орны 20 мың студентке халықаралық Coursera платформасына ашық қолжетімділікке ие екендігін және Қазақстанда Binance Blockchain технологиялары бойынша магистранттардың алғашқы ағыны дайындалып жатқанын айтты. Маңызды жаңалықтардың бірі, жетекші шетел университеттердің филиалдарының елімізде ашылуы туралы атап өтті.

 

Сондай-ақ, тараптар қауымдастық қызметінің бағыттарын іске асыру үшін жоғары оқу орындарымен интеграциялау және білім беру саласындағы бірлескен инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін ықтимал жобаларды талқылады.