СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНАЛАРҒА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті мен Жәңгір хан атындағы аграрлық-техникалық университетінің жатақханаларының жаңа оқу жылына дайындығын бақылау мақсатында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша студенттік омбудсмені Т.С.Серікқалиев және қоғам белсенділері, өңірдегі ЖОО студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшылары студенттік жатақханаларға мониторинг жүргізді.
Студенттік жатақханаларға мониторинг жүргізудің мақсаты – жаңа оқу жылына ғимараттың дайындығын зерделеу және жатақханалардың санитарлық нормаларға, қауіпсіздік стандарттарға, тұрмыстық жағдайларға (техника және жиһаз) сәйкестігін анықтау. Алдағы уақытта да жатақханалардың жағдайы мониторингтік топтың басты назарында болады.