ИнЕУ-де талапкерлерге арналған Фестиваль өтті
Инновациялық Еуразия университетінің Fest талапкері ондаған жастарды, олардың ата-аналары мен оқытушыларын біріктірді. Акция ашық аспан астында өтті және жастар күніне орайластырылды. Бай бағдарламаға талантты орындаушылардың өнер көрсетуі, шеберлік сыныптары және бағалы сыйлықтар ұтыс ойыны кірді. Басты оқиға ИнЕУ ректорының грантын тапсыру болды.
Фестивальдің бірде-бір қатысушысы естелік сыйлықтарсыз қалған жоқ. ИнЕУ аумағында барлық тілек білдірушілер үшін демалыс аймақтары, спорттық жарыстар, дискотека ұйымдастырылды. Университеттің есіктері әркім үшін ашық болды, сонымен бірге талапкерлер мен олардың ата-аналары әртүрлі білім беру бағдарламалары бойынша кеңес ала алды. Сондықтан акция көңілді ғана емес, пайдалы болды.