ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІН КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕРЕІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қарағанды индустриялық университетінде «Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру – ғылым мен бизнесті жақындастыру құралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – «Қазақстан Республикасының Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» іске асыру шеңберінде университеттің өндірістік кәсіпорындармен ынтымақтастығының перспективалық бағыттарын талқылау, олардың қызығушылығына сай ғылыми-зерттеулер жүргізу, бизнестің ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) қажеттіліктерін қарастыру. Сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушылармен ҒЗТКЖ дамыту үшін жер қойнауын пайдаланушылар бөлетін қаражаттың 1% -ын тиімді пайдалану тетіктерін талқылау.
Іс-шара барысында белгілі болғанындай, өндірістік сектор өкілдерінің алда тұрған міндеттер жайлы, еліміздің ғылым саласындағы инновациялар туралы ақпараты аз, университет ғалымдарының ғылыми зерттеулері, ғылыми жобаларға арналған конкурстар туралы жеткілікті тұрғыда хабардар емес.
Университет жетекшілері дөңгелек үстелге қатысушыларға ұйымдастырылған көрме бойынша ғылыми жетістіктер және ел ғылымының даму келешегі туралы ақпарат ұсынды, өткізілетін түрлі ғылыми конкурстар, өндірістерді инновациялық жағынан дамыту үшін ғылыми жобаларды бірлесіп әзірлеу тетіктері туралы толық ақпарат берді. Компаниялардың өкілдері де осы бағыттардағы ынтымақтастық бойынша өз ұсыныстарын беріп, өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін нақты жобаларды әзірлеу туралы шешім қабылданды. «Sensata» компаниясы жетекшілерімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Дөңгелек үстел жұмысына Қарағанды облысы бойынша «АрселорМитталТеміртау» АҚ, «Sensata Group», «Tau-Ken Temir» ЖШС, «ТЭМК» АҚ, «Kaz-metiz» ЖШС, «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «QazTehna» ЖШС, «Central Asia Cement» АҚ, «Құрылысмет» ЖШС, «ИнтерСтройАвангард» ЖШС және т.б. кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
