ЕҢ ТИІМДІ ИНВЕСТИЦИЯ – БҰЛ БІЛІМГЕ САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ: СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ТИМУР ТУРЛОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Сәтбаев Университетінде өткен SUTalks іс-шарасында белгілі кәсіпкер және қаржыгер, Freedom Holding Corp. корпорациясын құрушы Тимур Турлов сөз сөйлеп, студенттер мен оқытушыларға Қазақстандағы кәсіпкерлікке деген көзқарасы туралы айтып, көптеген сұрақтарға жауап берді.
Іс-шара тек стартап пен кәсіпкерлікке қызығушылық танытқан студенттердің ғана емес, сондай-ақ оқытушылардың да назарын өзіне аударды, бұл жеке табыс пен байлыққа қызығушылық танытатын әрбір адам үшін пайдалы тәжірибе болды. Кәсіпкер қазіргі заманда табысқа жету жолындағы тәжірибесімен және жеке ойларымен бөлісті. Қаржыгер жаңа жағдайда табыс табудың басты факторы – терең білім мен кәсіби біліктілік деп санайды.
Кездесу соңында студенттер стартапты қалай қаржыландыруға болатынын және болашақ инвесторлар не нәрсеге баса назар аударуы керектігі туралы сұрады. Турловтың ойынша, табысты бизнес құру үшін, салауатты өмір салты, әр іске жауапкершілік және терең білім инвестициядан гөрі әлдеқайда маңызды. Егер де кәсіпкер халық үшін құнды заттарды жасауды білсе және оның мықты командасы болса, ол кез келген жағдайда табысқа жете алады.
