MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY ЖӘНЕ АСТАНА ТРИАТЛОН ФЕДЕРАЦИЯСЫ «RUN FOR SABINA» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖҮГІРУ МАРАФОНЫН ӨТКІЗДІ

Жарияланған күні: 24 мамыр 2023
MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY ЖӘНЕ АСТАНА ТРИАТЛОН ФЕДЕРАЦИЯСЫ «RUN FOR SABINA» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖҮГІРУ МАРАФОНЫН ӨТКІЗДІ
Maqsut Narikbayev University-де Астана Триатлон Федерациясымен бірлесіп ұйымдастырылған қайырымдылық жүгіру марафоны өтті. «Run for Sabina» марафоны MNU университетінің бірінші курс студенті, жедел лимфобластикалық лейкемия диагнозы шалдыққан Сабина Сайрановаға арналады. Қазіргі уақытта Сабина Израильде өмірі үшін күресуде.
Марафонға 300-ден астам адам қатысты, оның ішінде студенттер, оқытушылар және университеттің басқа да қызметкерлері, сондай-ақ бүлдіршіндер мен мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Бірлескен күш-жігердің арқасында 2 миллион теңгеден астам қаражат жиналды, бұл қаражат Сабинаның еміне жіберілетін болады.
Maqsut Narikbayev University Басқарма Төрағасы Талғат Мақсұтұлы осы уақытқа дейін университетте Сабина мен оның отбасына қолдау көрсету мақсатында бірнеше іс-шаралар өткізілгенін атап өтті. Ол университеттің басты миссиясы қоғамға қызмет ету екенін және осы қағида бойынша студенттеріне көмектесуді жөн санайтынын жеткізді.
«Өздеріңіз білесіздер, университетіміздің басты миссиясы – қоғамға қызмет ету. Осы қағиданы ұстана отырып, біз небәрі 19 жастағы шәкіртімізге көмек көрсету туралы шешім қабылдадық. Студентіміз Павлодар облысында дүниеге келген және Астанадағы мектепте оқуын сәтті аяқтаған. 2022 жылы университетімізге оқуға түсті, бірақ сырқатына байланысты білім ордамызда алты ай ғана болды. Осынау аз уақыт болса да өзінің курстастары мен оқытушыларының махаббаты мен құрметіне бөлене білді. Бүгінгі жарыс – Сабина мен оның отбасына сіздермен бірлескен қолдауымыз», - деді Нәрікбаев Талғат Мақсұтұлы.
Ол сондай-ақ бастаманы қолдаған барлық қатысушыларға, сондай-ақ Астана Триатлон Федерациясына және осы жарысты өткізуге үлес қосқан барлық демеушілерге алғысын білдірді.