ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ КӨЛІК АКАДЕМИЯСЫНДА ӨТКЕН «WORKFEST» ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ ТҮЛЕКТЕРГЕ БОС ОРЫНДАР ҰСЫНЫЛДЫ

Жарияланған күні: 23 мамыр 2023
Логистика және көлік академиясында Жас мамандарды жұмысқа орналастыру алаңы ашылды. 2023 жылы 19 мамырда Академия студенттері мен түлектері беделді компаниялардың өкілдерімен кездесіп, бос жұмыс орындары, тағылымдамалар және мансапты дамыту бағдарламасы туралы ақпараттар алды.
Жастарға арналған жәрмеңкеге 200-ден астам жұмыс орнын ұсынған 40-қа жуық компания қатысты.
Студенттер тікелей компания басшыларымен сұхбаттасуға мүмкіндік алды, ал жұмыс берушілер жас үміткерлердің әлеуетін бағалап, лайықты үміткерлерді таңдады. Академияның 80% астам түлектері жәрмеңкеге қатысып, жұмыс істегісі келетін немесе тағылымдамадан өткісі келетін компанияларды анықтады.
Жәрмеңке аясында студенттерге компания өкілдерімен сұхбаттасуға қатысуға ғана емес, сонымен қатар өз дағдыларын бағалауға мүмкіндік беретін арнайы speed recruiting форматы ұйымдастырылды. Белсенді студенттерге жұмыс берушілер лотереяға қатысу үшін талондар берді, онда ең белсенді қатысушылар жұмыс берушілерден бағалы сыйлықтар алды.