OPEN AIR «ENU FAMILY DAY» ФОРМАТЫНДАҒЫ ЕҰУ ТУҒАН КҮНІ МЫҢДАҒАН ТҮЛЕКТІ ЖИНАДЫ

Жарияланған күні: 22 мамыр 2023
OPEN AIR «ENU FAMILY DAY» ФОРМАТЫНДАҒЫ ЕҰУ ТУҒАН КҮНІ МЫҢДАҒАН ТҮЛЕКТІ ЖИНАДЫ
2023 жылғы 20 мамырда Еуразия ұлттық университетінде алғаш рет ЖОО-ның 27 жылдығына арналған Open air форматында «ENU Family Day» ауқымды іс-шарасы өтті. Оған университеттің әр жылдардағы түлектері – белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, ғалымдар, бизнесмендер, оқытушылар мен студенттер қатысты. Олардың қатарында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, белгілі қазақстандық шахматшы Дәрмен Сәдуақасов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Гиннес кітабының белгілі қазақстандық рекордшысы Сергей Цирюльников және басқалар бар.
Ауқымды бағдарлама түлектердің форумы, «ENU Research» - PechaKucha форматындағы танымал ғалымдардың өнер көрсетуі, «Ұстаз» коворкинг-орталығының ашылуы, ұлттық қолөнер және кітаптар көрме-жәрмеңкесі, қазақша күрестен «ENU барысы» турнирі, Оpen air «ENU Family Day» концерті және тағы басқа университет аумағында бірқатар білім беру, ғылыми, мәдени және спорттық іс-шараларды қамтыды. Оған екі мыңға жуық адам қатысты.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өзі түлеп ұшқан университетін құттықтады:
«Өткен жылы ЕҰУ-ға Үкімет қаулысымен зерттеу университеті мәртебесі берілді. Қазір университеттің арнайы 5 жылдық зерттеу жоспары, жаңа зертханалар, жас ғалымдарға арналған үлкен ресурс пысықталуда. Жақын арада ол Үкіметтің қарауына шығарылады.
ЖОО-ның жас ғалымдары «Болашақ» бағдарламасына белсенді қатысады. ЕҰУ ғалымдарының ғылыми мақалалары Q1, Q2 квартилінің халықаралық басылымдарында жарияланады. Жақын арада біз Еуразия ұлттық университетінің ғылыми зерттеу әлеуетін бірлесіп арттыратын боламыз», - деп атап өтті министр.