ABAI UNIVERSITY ЗАНЯЛ 1 МЕСТО В СТУДЕНЧЕСКОЙ СПОРТИВНОЙ ЛИГЕ РК

Жарияланған күні: 22 мамыр 2023
ABAI UNIVERSITY ЗАНЯЛ 1 МЕСТО В СТУДЕНЧЕСКОЙ СПОРТИВНОЙ ЛИГЕ РК
Қазақстан Республикасы Студенттік спорт лигасы еліміздің бірнеше қалаларындағы жоғары оқу орындарында өткен болатын. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенттері аталмыш спорттық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды. Атап айтсақ, Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінде «Тоғызқұмалақ» ойынынан ерлер командасы жалпыкомандалық есепте 1-орынға, ал әйелдер командасы жалпыкомандалық есепте 5-орынға ие болды.
Волейболдан және қазақ күресінен ерлер мен әйелдер командалары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде баскетбол ойындары өтіп, Абай университеті ерлер арасында 2-ші орын алды. ҚР Студенттік спорт лигасына еліміздің 34 жоғары оқу орнының студенттері қатысып, жалпыкомандалық есепте 1-ші орынды Абай университеті иеленді.