С.ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ АТМГУ-ДЕ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ ШЕРУІ

Жарияланған күні: 18 мамыр 2023
С.ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ АТМГУ-ДЕ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ ШЕРУІ
Мақсат - мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру.
Облыс орталығы мен аудандардан 500-ге жуық оқушы университетке келіп, арнайы ұйымдастырылған іс-шараға қатысты.
АтМГУ Атырау облыстық білім басқармасы әдістемелік орталығымен бірлесіп, мектеп түлектерінің шеруін өткізді. Университет базасындағы М.Асаубаева атындағы креатив орталығының алдынан бастап сап түзеген мектеп оқушылары Сафи Өтебаев ескерткішіне дейін шеру жасады. Әр мектептің туы, ұран сөзі, киім формасы талапқа сай болды.
Шеруден кейін оқушылар қазақша квиз ойынына қатысты. Зияткерлік сайысында №25, №37 жалпы білім беретін орта мектептер, №34 көп салалы мектеп-гимназиясы мен №35 мектеп гимназиясының түлектері жоғары нәтиже көрсетті.