ӘУЕЗОВТІКТЕР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫН КҮТІП АЛДЫ

Жарияланған күні: 18 мамыр 2023
ӘУЕЗОВТІКТЕР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫН КҮТІП АЛДЫ
Бүгін бокстан 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің 4-курс студенті Махмұд Сабырханды әуежайдан салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.
Батырымызды күтіп алуға Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы, қалалық бокс федерациясының президенті Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исақов, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы-ректор Дария Қожамжарова, танымал спортшылар, студенттер мен жанкүйерлер жиналды.
«Екі жыл бұрын Белградта өткен әлем чемпионатында жіберген ақымды қайтарамын деген уәдем бар еді. Сол уәдемді орындап, алтын медальге ие болдым. Ендігі мақсат алдағы чемпионатта тағы бір алтын жүлдеге ие болу», - деді Махмұд Сабырхан.