Стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы: «Қазақстан – академиялық білім аумағы» панельдік сессиялары

Стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы: «Қазақстан – академиялық білім аумағы» панельдік сессиялары

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ХАБАРЛАМА

Стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы: «Қазақстан – академиялық білім аумағы» панельдік сессиялары

30 қазан күні Астанада «Қазақстан – академиялық білім аумағы» стратегиялық серіктестердің халықаралық форумы өз жұмысын бастайды. Форум аясында жоғары білім, ғылым және инновацияларды дамыту, цифрландыру, академиялық ұтқырлық, трансұлттық білім беру және технологиялар трансфері сияқты өзекті мәселелер талқыланатын панельдік сессиялар мен дөңгелек үстелдер өтеді.

Форум бағдарламасында:

✔ Coventry University Kazakhstan базасында «Жасанды интеллект және студенттердің көзқарастары: университеттік бағдарламалар құрылымын қайта пайымдау» атты панельдік сессия өтеді. Қатысушылар жасанды интеллекттің білім беру үлгілерін трансформациялаудағы және оқыту тәсілдерін жаңартудағы рөлін талқылайды. Спикерлер қатарында Академиялық ұтқырлық және эквиваленттік ақпарат орталығының (CIMEA) бас директоры Л.Лантеро (Италия), Халықаралық бизнес-әкімшілік саласындағы аккредиттеу қорының (FIBAA) атқарушы директоры Д.Фрайбергер (Германия), Кардифф университетінің операциялық директоры және хатшысы С.Паул (Ұлыбритания), Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің Тараз қаласындағы филиалының директоры Ф.А.Колоколов, сондай-ақ Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының директорының міндетін атқарушы А.С.Мадибекова бар.

✔ «Қазақстанды академиялық білім аумағы ретінде нығайтуда трансұлттық білім берудің рөлі» атты дөңгелек үстелде жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері халықаралық ынтымақтастық пен академиялық ұтқырлық форматтарын талқылайды. Спикерлер қатарында Кардифф университетінің (Ұлыбритания) президенті В.Ларнер, Нархоз университетінің провосты Е.Н.Шуланова, Ковентри университетінің (Ұлыбритания) кәсіпкерлік және инновациялар жөніндегі проректоры П.Нун, KAIST Kazakhstan филиалының басшысы Д.Г.Молдақұлова, Harvest Agro Group басқарушы директоры А.Маралов және Сапаны қамтамасыз ету және арттыру агенттігінің (QAA, Ұлыбритания) атқарушы директоры Р.Страуд бар.

✔ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде университеттерде жаңа ойлау мәдениетін қалыптастыруға және цифрлық құзыреттерді ілгерілетуге бағытталған AI-Sana рәсімі өтеді.
Іс-шара барысында «Ең үздік студенттік жоба», «Ең үздік жоғары оқу орнының жобасы» және «Ең үздік әлеуметтік жоба» номинациялары бойынша AI-Leaders марапаттары табысталады.

✔ «Ғылымнан – нарыққа / Технологиялар трансфері» сессиясында ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының басшылары ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және өндірістік серіктестермен өзара іс-қимыл тәжірибесімен бөліседі.

✔ Пленарлық сессияда тұрақты инновациялық экожүйелерді қалыптастыру, ғылым мен индустрия арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ білім мен технология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері қарастырылады.
Спикерлер қатарында Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың атқарушы директоры К.Ангелиева (Болгария), М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің ректоры Е.М.Исакаев, Аризона университетінің профессоры Дж.Пьюн (АҚШ) және Ұлыбританияның Корольдік инженерлік академиясының сарапшысы Н.Маршалл.

 

Күні: 2025 жылғы 30 қазан

Уақыты: 09:00 - 13:00

Өтетін орындар:

✔ Coventry University Kazakhstan, Қорғалжын тасжолы, 13а

✔ Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Сәтбаев көшесі, 2, оқу-әкімшілік (негізгі) корпус.

 

БАҚ өкілдері аккредитациядан өту үшін 2025 жылғы 29 қазан сағат 17:00-ге дейін +7 771 700 28 98 байланыс телефонына хабарласа алады.

Оқиға күні

30 қазан 2025

Оқиға түрі

Халықаралық форум