«Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі және тәуелсіздігі: тарих, қазіргі заман және дамудың жаңа қырлары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі және тәуелсіздігі: тарих, қазіргі заман және дамудың жаңа қырлары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

⚜️Құрметті БАҚ өкілдері!

📢 Ертең, 23 қазан күні, Астана қаласында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі және тәуелсіздігі: тарих, қазіргі заман және дамудың жаңа қырлары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның мемлекеттік егемендігі мен тәуелсіздігінің тарихи бастауларын талқылау, қазіргі кезеңдегі даму үрдістері мен жаңа бағыттарын саралау.

Ұйымдастырушылар: ҚР Президенттік орталығы, ҚР Парламентінің Мәжілісі, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Мемлекет тарихы институты, Жошы ұлысын зерделеу ғылыми институты.

Өтетін күні мен уақыты:
📅 2025 жылғы 23 қазан
🕙 Сағат 10:00-13:00

Өтетін орны:
🏛 ҚР Президенттік орталығы, 2-қабат, көпфункционалды зал (Астана қаласы, Әлихан Бөкейхан көшесі, 1а).

Конференцияға отандық және шетелдік ғалымдар, сарапшылар мен мемлекеттік органдар өкілдері қатысады.

БАҚ өкілдері аккредитациядан өту үшін 2025 жылғы 22 қазан сағат 22.00-ге дейін +7 771 700 28 98 байланыс телефонына хабарласа алады.

Оқиға күні

23 қазан 2025

Оқиға түрі

Ғылыми конференция