«Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілетін іс-шаралар


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ҚОҚЫССЫЗ БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ» облыстық студенттік форумы
Өтетін күні: 26.02.2025 ж., сағат 10:00
Өтетін жері: Ақтөбе қаласы, Студенттер сарайы (Ә.Молдағұлова 34)
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өтетін «Таза Қазақстан: қоқыссыз болашаққа қадам» облыстық студенттік форумына экология саласындағы сарапшылар, ғалымдар, мұғалімдер, жастар ұйымдарының өкілдері, еріктілер, студенттер қатысады.
Форумның басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастырып, қоғамдағы «қоқыс өндіруші» әдеттерді саралау және оларды болдырмаудың тиімді жолдарын көрсету. Форумда ұсынылатын жобалар мен бастамалар арқылы экологияға жауапкершілікпен қарайтын ұрпақтың жаңа әдеттері мен күнделікті өмірге енгізілетін шешімдер таныстырылады.
Форумның негізгі міндеттері:
1. Экологиялық инновациялар мен тәжірибелерді дәріптеу
«Экологиялық инновациялық жобалар көрмесінде» әртүрлі деңгейдегі (техникалық, әлеуметтік, тұрмыстық) прототиптер мен шешімдерді таныстыру.
2. Экологиялық белсенділікті арттыру
«Жасыл игілік» көгал тұқымдарын егу акциясы арқылы табиғатқа жанашырлық көзқарасты қалыптастыру және көпшілікті жасыл орта құруға шақыру.
3. Жеке және қоғамдық қателіктерді талқылау
«FailConf» форматында тұрмыста және қоғамда тамыр жайған қоқыс өндіруге ықпал ететін қателіктерді ашық талқылау және олардан сабақ алу.
4. Студент жастардың үлгі боларлық бастамаларын қолдау
Студенттердің экологияға негізделген тұрмыстық өмір салтының презентациясы арқылы жастардың идеяларын көпшілікке тарату, тәжірибе алмасу.
Форум аясында Экологиялық инновациялық жобалар көрмесі, «Жасыл игілік» көгал тұқымын егу акциясы, «Біздің қоғамды «қоқыс өндіруші» қылатын біздің қателіктер» – FailConf және студент жастардың экологиялық қағидаттарға негізделген тұрмыстық өмір салтының презентациясы таныстырылады.
БАҚ үшін жауапты: Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Маркетинг және коммуникациялар департаментінің директоры – Бертлюев Адельбек Ерекенович, +7 747 331 71 97.
«ҚАЛДЫҚСЫЗ ТЕХНОЛОГИЯ»
ҒЫЛЫМИ-ТӘРБИЕЛІК САЙЫСЫ
2025 жылдың 27 ақпан күні Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінде Е.А.Бөкетовтің 100 жылдығына орай және «Таза Қазақстан» идеологемасын жүзеге асыру мақсатында «Қалдықсыз технология» ғылыми-тәрбиелік сайысы өткізіледі.
Өтетін орны: Қарағанды қаласы, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің №6 ғимараты, С.Мұқанов көшесі 41.
Өтетін уақыты: 27 ақпан, сағат: 11.00-14.00
Қатысушылар: Қарағанды қаласы университеттері мен колледждердің студенттері.
Ғылыми-тәрбиелік сайысқа жұмыстар жобаның талаптары бойынша 21 ақпанға дейін қабылданды.
Жобаның мақсаты: Экологиялық мәселелерді шешуге немесе қалдықтарды азайтуға арналған жоба немесе идеяларды таныстыру. Қалдықтарды қайта өңдеу, қайта пайдалану немесе алдын алу жолдарын насихаттау.
Жобаның форматы: Көрме ретінде өтеді (қалдықсыз технология негізінде алынған зат міндетті түрде көрмеге қойылады).
Бағалау: Экологиялық инновацияларды, әдістерді немесе нақты іс-шараларды қамту, жобаның жүзеге асырылу мүмкіндігі, идеяның жаңашылдығы мен шығармашылығы, экологиялық әсері (қалдықтарды қаншалықты азайта алатыны), даму және табиғатты қорғау шаралары, қоғамға тигізетін пайдасы немесе үлгі ретінде қолданылу мүмкіндігі.
Марапаттау: Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
БАҚ үшін жауапты: Әлеуметтік мәселер және жастар саясаты департаментінің директоры Марғұлан Тұяқов, +7 701 339 37 33.
26 ақпан 2025
27 ақпан 2025
Форум