Digital Almaty 2025 Халықаралық форумы аясында 2025 жылғы 31 қаңтарда «ATAKENT» көрме кешенінде «Білім берудің ұлттық стратегиясы: AI кадрларын даярлау» тақырыбында панельдік сессия өтеді

Digital Almaty 2025 Халықаралық форумы аясында 2025 жылғы 31 қаңтарда «ATAKENT» көрме кешенінде «Білім берудің ұлттық стратегиясы: AI кадрларын даярлау» тақырыбында панельдік сессия өтеді

Digital Almaty 2025 Халықаралық форумы аясында 2025 жылғы 31 қаңтарда «ATAKENT» көрме кешенінде, №9 павильонда, «PLENARY HALL» залында «Білім берудің ұлттық стратегиясы: AI кадрларын даярлау» тақырыбында панельдік сессия өтеді. Сессияның басталуы 15:00-де, аяқталуы 16:20-да.

Панельдік сессияны Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Қуанышбек Есекеев құттықтау сөзімен ашады.

Модератор ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек болады.

Шақырылған спикерлер қатарында:
* Тодзю Дюк — Bedrock AI негізін қалаушы және бас директоры;
* Пол Ким — BIEG China Болашақ білім беру орталығының директоры;
* Ричард Стирлинг — OxfordInsight негізін қалаушы және бас директоры;
* Эрик Димла — Де Монфорт университетінің кампус басшысы және академиялық директоры;
* Арман Сулейменов — nFactorialGroup негізін қалаушы және бас директоры;
* Нуртай Абильгаев — BTS Digital бас директоры.

Сондай-ақ, сессияда жасанды интеллект саласындағы халықаралық сарапшылар, сондай-ақ білім беру және технологиялық индустрия көшбасшылары сөз сөйлейді.

Бұл панельдік сессия заманауи білім берудің негізгі сын-қатерлерін талқылауға және қарқынды дамып келе жатқан Цифрлық экономика жағдайында жұмысқа дайын кадрларды даярлауға арналған бірегей алаңға айналады. Мұнда AI-білім беру саласында болашақты қалыптастыруға бағытталған бірлескен идеялар мен шешімдер әзірленетін болады.

Біз жоғары оқу орындарының өкілдерін, студенттерді, оқытушыларды және білім берудің инновациялық дамуына мүдделі барлық адамдарды осы маңызды оқиғаға қатысуға шақырамыз.

Тіркелу және қосымша ақпарат алу үшін Digital Almaty 2025 форумының ресми сайтына кіріңіз.

Сізді панельдік сессияда күтеміз және нәтижелі талқылауға үміттенеміз!

Оқиға күні

31 қаңтар 2025

Оқиға түрі

Отырыс