«Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілетін іс-шаралар

«Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілетін іс-шаралар

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті экологиялық жағдайды жақсартуға және студенттер мен қызметкерлердің экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» республикалық акциясын қолдау мақсатында 2024 жылғы 19 желтоқсан күні жатақхана аймақтарын тазалау акциясын ұйымдастырады.

Акция аясында студенттер, қызметкерлер мен еріктілер университет жатақханаларының аумақтарын жалпы тазалауға қатысады.

Акцияға қоқыстарды жинау мен сұрыптау және қар тазалау кіреді. Акцияның мақсаты – жайлы өмір сүру жағдайын жасау және студенттердің қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру.

Өткізілетін мерзімі: 19.12.2024 ж., сағат 14.00.

 

2024 жылғы 24 желтоқсанда Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Ақмола облысының «Мейірім» еріктілер клубының қатысуымен дөңгелек үстел отырысы өтеді.

Іс-шара волонтерлік және экология тақырыбына арналады. «Мейірім» клубының өкілдері экологиялық жобаларға қатысу тәжірибесімен бөлісіп, түрлі әлеуметтік бастамаларды талқылап, еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға жастардың қалай үлес қоса алатынын айтып береді.

Өткізілетін мерзімі: 24.12.2024 ж., сағат 15.00.

Басталу уақыты

19 желтоқсан 2024

Соңғы күні

24 желтоқсан 2024

Оқиға түрі

Дөңгелек үстел