Таза Қазақстан: Бүкіләлемдік топырақ күніне арналған жастармен кездесу


Бүкіләлемдік топырақ күнін Baitursynuly University студенттері «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында атап өтеді.
Бүкіләлемдік топырақ күніне арналған бұл іс-шараны ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің (агрономия және экология бағыттары) студенттері бастамасы арқылы ұйымдастырылады.
Іс-шараның мақсаты – топырақты пайдалану мәселелеріне байланысты экологиялық проблемаларға қоғам назарын аудару.
Бүкіләлемдік топырақ күні жыл сайын топырақтың денсаулығы мен топырақ ресурстарын тұрақты басқарудың маңыздылығын айқындау үшін өткізіледі.
Іс-шара интерактивті форматта өтеді. Студенттер ғылыми баяндамалар жасайды, өңірдегі топырақ проблемаларын талқылау бойынша викторина және интерактивті сабақ өткізеді.
Оқиға күні
06 желтоқсан 2024
Оқиға түрі
Кездесу