«Жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету: жағдайы және даму перспективалары» атты форумы

«Жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету: жағдайы және даму перспективалары» атты форумы

2024 жылғы 29 қаңтарда Астана қаласында Л. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ұйымдастыруымен «Жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету: жағдайы және даму перспективалары» атты форумы өтеді.

Форумда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, «Атамекен» ҰКП мен Еуропалық білім сапасына кепілдік беру тізілімінің (EQAR) өкілдері қатысады.

Форум аясында 3 тақырыптық сессия өтеді:

  • «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесінің тюнингі»;
  • «Ғылыми кадрларды дайындауды жақсарту»;
  • «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі мемлекеттік реттеу жүйесін жақсарту».
Оқиға күні

29 қаңтар 2024

Оқиға түрі

Форум