Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Жетісу облысының тұрғындарымен кездесуі

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Жетісу облысының тұрғындарымен кездесуі

 2023 жылғы 23 қыркүйегінде сағат 10.00-де Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері бойынша Жетісу облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

 

Кездесу Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров көшесі, 187 А, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, мекенжайы бойынша өткізіледі.


Кездесу өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылады.


Жеке қабылдауға жазылу 8 (7172) 74-19-42 нөмірі бойынша жүргізіледі.
Ғылым және жоғары білім саласындағы проблемалық мәселелерді r.asanova@sci.gov.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

Оқиға күні

23 қыркүйек 2023

Өткізу орны

Талдықорған қаласы, І.Жансүгіров көшесі, 187 А, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Оқиға түрі

Есеп беру кездесуі