Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Алматы қаласы тұрғындарымен кездесуі

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Алматы қаласы тұрғындарымен кездесуі

2023 жылғы 26 тамызда сағат 10.00-де Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері бойынша Алматы қаласының тұрғындарымен кездесуі өтеді.
Кездесу Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 71/27, Әл-Фараби кітапханасы мекенжайы бойынша өткізіледі.
Кездесу өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау ұйымдастырылады.
Жеке қабылдауға жазылу 8 (7172) 74-19-42 нөмірі бойынша жүргізіледі.
Ғылым және жоғары білім саласындағы проблемалық мәселелерді r.asanova@sci.gov.kz  электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.

Оқиға күні

26 тамыз 2023

Өткізу орны

Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы 71/27 Әл-Фараби кітапханасы

Оқиға түрі

Есеп беру кездесуі