ХІІ ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДА-2023 АҚТАУ ҚАЛАСЫНДА ӨТПЕК

ХІІ ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДА-2023 АҚТАУ ҚАЛАСЫНДА ӨТПЕК
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен, Yessenov University ұйымдастыруымен алғаш рет Ақтау қаласында 24 мамыр – 24 маусым аралығында ХІІ жазғы ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің Универсиадасы өтеді.
 
Ұйымдастырушы университет Президенті Б.Б. Ахметовтың айтуынша, бұрынғы универсиадалар спорт түрлері бойынша үш-төрт қаланы қамтитын болса, Aqtau-2023 универсиадасында 17 спорт түрінен 20 жарыстың бәрі Ақтауда қаласында өтеді.
 
Сондай-ақ алдыңғы универсиада бағдарламасында 30-дан аса спорт түрі болса, қазіргі таңда олар 17-ге дейін ықшамдалып, ең негізгі спорт түрлері ғана таңдалған. Яғни университеттердегі спортшылардың көп айналысатын спорт түрлерінің бейініне қарай, Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен бірлесе отырып, Дүниежүзілік универсиаданың бағдарламасына басымдық беріліген.
 
Жарыс түрлерін ұйымдастыру бойынша: Самбо, грек-рим күресі, дзюдо және еркін күрес, жеңіл атлетика түрлері «Маңғыстау-Арена» спорт сарайында өтеді. Баскетбол, волейбол, футзал мен бокс «Халық-Арена» спорт сарайында өтеді. Бұл орталықта теннис және бадментон сайыстарын ұйымдастыруға да мүмкіндік бар. «Арыстан-Арена» спорт кешенінде жүзу, ал қалған спорт түрлері Yessenov Sport Club студенттік кешенінде өтеді. Универсиаданың ашылу салтанаты 5 маусым күні «Мұнайшы» стадионында және жабылу салтанаты 24 маусым күні «Маңғыстау-Арена» спорт кешенінде өтеді.
 
Басталу уақыты

24 мамыр 2023

Соңғы күні

24 маусым 2023

Өткізу орны

Актау қ.

Оқиға түрі

Универсиада