Бүгінде Қазақстанда 132 жоғары оқу орны жұмыс істейді. Оның ішінде 59-ы мемлекеттік, 3-еуі мемлекет қатысатын, 59-ы мемлекеттік емес, 11-і филиалдар мен шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдары.
2026–2027 оқу жылында жоғары білім беру саласына 89 457 білім беру гранты бөлінді. Оның ішінде, бакалавриатқа – 75 371 грант; магистратураға – 11 007 грант; докторантураға – 3 079 грант.