Жиі қойылатын сұрақтар
«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсының жеңімпаздарына ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындары мен тілдік курстардан өтуге арналған ұйымдардың тізімін қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулыққа (ҚР БҒМ 2017 жылғы 5 қыркүйектегі № 444 бұйрығы) сәйкес, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі университеттердің ресми сайттары мен академиялық рейтингтер жариялайтын агенттіктердің интернет-ресурстарынан алынған ақпаратты (тағылымдамалар ұйымдастыру қызметін көрсететін ұйымдардан басқа) сараптайды.
Осы сараптама негізінде конкурстың жеңімпаздары үшін ұсынылатын шетелдік ЖОО тізімі жасалады. Университеттер тек соңғы жарияланған деректерге сәйкес QS University Rankings by Subject халықаралық рейтингінің топ-100-на енген жағдайда тізімге енгізіледі.
Ағымдағы ЖОО тізімімен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://bolashak.gov.kz/kz/zhoo
Мысалы:
Үміткер «Болашақ» бағдарламасы аясында University College London (Ұлыбритания) университетіне құжат тапсыруды жоспарлап отыр және аталған университеттің ресми Тізімге енгізілген-енгізілмегенін нақтылағысы келеді. Бұл ақпаратпен ол қай жерден таныса алады?
Иә, University College London қолданыстағы Тізімге кіреді. Сондай-ақ ол жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының өзекті Тізімімен АО «Халықаралық бағдарламалар орталығы» ресми сайтында мына сілтеме арқылы таныса алады: https://bolashak.gov.kz/kz/zhoo
Өтініш беруші ғылыми тағылымдамадан өткен елді өзгертуге құқылы. Бұл мәселе ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2024ж. 3 сәуірдегі №142 бұйрығымен реттеледі https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=35338801#activate_doc=2. Ғылыми тағылымдамадан өту елін ауыстыру үшін Халықаралық бағдарламалар орталығына ұсыну қажет:
1. Халықаралық бағдарламалар орталығы Басқарма Төрағасының атына жазылған өтініш (әрі қарай – Төраға);
2. Ғылыми тағылымдама өтетін шетелдік жоғары оқу орны немесе ұйым ұсынған жаңа шақыру хаты, бағдарлама және смета;
3. Жұмыс берушіден қолдау хаты (үшжақты келісімшарт болған жағдайда);
4. Қоғам Төрағасының атына жазылған түсіндірме хат.
Толық құжаттар топтамасы ұсынылғаннан кейін ел ауыстыру сұрағы Конкурс жеңімпаздарының өтініштерін қарау жөніндегі Комиссияның кезекті отырысына шығарылады. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033308
Ғылыми тағылымдамадан өтуге конкурстық іріктеуге қатысуға құжаттарды үміткер құжаттарды қабылдаудың белгіленген мерзімі ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы және (немесе) халықаралық бағдарламалар орталығына қағаз нысанда береді. Құжаттарды қарау, қабылдау не оларды қабылдаудан бас тарту мерзімі 2 (екі) жұмыс күнін құрайды. Бұл сұрақ «Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығымен реттеледі. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300033308
Мысалы, үміткер Ұлыбританияның Жоғары оқу орындарының бірінде ғылыми тағылымдамадан өтуді қалайды. Үміткер құжаттарды Астана қаласы, Сығанақ көшесі, 70 мекенжайы бойынша Халықаралық бағдарламалар орталығына ұсына алады. 2 жұмыс күні ішінде үміткер жауап алады.
Қазіргі уақытта «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Орталық) ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) желісі бойынша жүзеге асырылатын бағдарламалардың әкімшісі болып табылады.
Атап айтқанда, Қоғам «Болашақ» халықаралық стипендиясын, «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасын жүзеге асырумен қатар, Әзірбайжан Республикасы, Венгрия, Латвия Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Грузия, Корея Республикасы, Беларусь Республикасы, Польша Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Вьетнам Социалистік Республикасы және Украинамен білім саласындағы халықаралық келісімдер аясында құжаттарды қабылдау және конкурстар өткізу жұмыстарын жүргізеді.
Аталған келісімдер аясында, шетел тілін меңгеру деңгейі мен білім туралы құжаттың орташа балына қарай (бакалавриат, магистратура, докторантура) үміткерлерге оқу гранттары ұсынылады. Айта кету керек, мамандықтар мен жоғары оқу орындарының тізімі жыл сайын қабылдаушы тараппен айқындалады.
Қазіргі уақытта министрлік тек жоғарыда аталған бағыттар шеңберінде ғана қаржы бөледі. Осыған байланысты, көрсетілген бағдарламалардан тыс қаржылық қолдау көрсету мүмкін емес.
Сонымен бірге, «Болашақ» бағдарламасы аясында, егер үміткер шетелдік беделді жоғары оқу орнынан (тізімде бар) магистратураға шартсыз қабылдау туралы (оқу ақысыз) шақыру алса және басқа шетелдік және/немесе қазақстандық ұйымдармен оқудың толық құнын жабу қарастырылса, бірлесіп қаржыландыру тетігі көзделген.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы, «Ғылыми тағылымдамалар» бағдарламасы және шетел мемлекеттері (университеттері) ұсынатын гранттар туралы ақпарат Орталықтың www.bolashak.gov.kz сайтында жарияланады.
Мысалы:
Студент магистратураға академиялық бағдарламаның толық құнын қамтитын, тегін оқуға шартсыз қабылдау хаттамасын алды. Бұл жағдайда ол қосымша қаржыландыруға үміткер бола ала ма?
Иә, академиялық оқудың толық қамтылған шақыруын алған жағдайда, ол стипендия төлеу, ұшу шығындары, виза қолдауы және басқа да шығындарды бөлігі бойынша бірлесіп қаржыландыруға үміткер бола алады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі халықаралық келісімдер шеңберінде оқуға жіберілген студенттерді, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері болған адамдарды және шетелде ғылыми тағылымдамадан өтіп жатқан ғалымдарды есепке алып отырады.
Стипендиат оқу басталған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде оқу еліндегі Қазақстан Республикасының шетелдік мекемесінде есепке тұруға және бұл туралы шетелдік мекемеде тіркелген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Орталыққа хабардар етуге міндетті.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығымен реттеледі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1200007613.
Мысалы:
Мен, Марат, «Болашақ» бағдарламасының стипендиатымын және Ұлыбританияға білім алу үшін жолға шығудамын. Оқу өтетін елде консулдық есепке тұру қажет пе?
Иә, Марат, оқу басталған кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде Сіз оқып жатқан елдегі Қазақстан Республикасының елшілігіне немесе консулдығына тіркеліп, тіркелгеннен кейін 7 жұмыс күні ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ына хабарлауыңыз қажет.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жоғары білім беру саласындағы халықаралық келісімдерді іске асырады, оларға сәйкес Әзербайжан Республикасы, Мажарстан, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Беларусь Республикасы, Польша Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Вьетнам Социалистік Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Словакия Республикасы және Грузия сияқты елдермен студенттер алмасудың баламалы негізі көзделген.
Аталған келісімдер шеңберінде білім беру бағдарламасын (бакалавриат, магистратура және докторантура) таңдауға байланысты шетел тілін меңгеру деңгейі мен білім туралы құжаттың орташа балы талаптарына сәйкес келетін тұлғаларға оқу гранттары ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 «Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдылық шеңберінде оқытуға жіберу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V080005499), Министрлік жыл сайын Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттерінің үкіметтері немесе ведомстволары арасында жасалған келісімдер мен шарттар шеңберінде шетелде оқуға үміткерлерді іріктеу үшін құжаттар қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды дипломатиялық нота алынған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының сайтында орналастырады.
Мысалы:
Үміткердің сұрағы: Малайзияда бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу үшін мемлекетаралық грантқа құжат тапсыра ала ма?
Жоқ, үміткер Малайзияда оқу үшін мемлекетаралық гранттарға құжат тапсыра алмайды. Үміткер тек келісім жасалған елдерге ғана құжат тапсыра алады.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары білім беру саласындағы халықаралық келісімдерді іске асырады, осы келісімдерге сәйкес Әзірбайжан Республикасы, Мажарстан, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Беларусь Республикасы, Польша Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Вьетнам Социалистік Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Словакия Республикасы, және Грузия сияқты елдермен баламалы студенттер алмасу көзделген. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V080005499
Мысалы:
Мажарстан еліндегі Corvinus University of Budapest университетіне Stipendium Hungaricum бағдарламасы бойынша үкіметаралық грант бойынша құжат тапсыра аламын ба?
Иә, Сіз үкіметаралық гранттар бойынша оқу үшін Stipendium Hungaricum веб-сайтында тіркелу барысында Corvinus University of Budapest университетін таңдау арқылы құажттарыңызды тапсыра аласыз.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығымен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ереженің 4 тармағының 2-1) тармақшасына https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U000000470 сәйкес, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның (бұдан әрі – Республикалық комиссия) негізгі міндеттерінің бірі – «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуге конкурсқа қатысу үшін жұмыскерлердің санаттарын жыл сайын айқындау болып табылады.
2026 жылға Республикалық комиссия келесі қызметкерлер санаттарын бекітті: «инженерлік-техникалық қызметкерлер, агроөнеркәсіптік кешен саласының қызметкерлері»; «жасанды интеллект жүйелерін пайдаланушылар»; «ектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлері»; «медицина қызметкерлері»; «мемлекеттік қызметшілер»; «бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері»; «мәдениет, туризм және спорт саласының қызметкерлері»; «судьялар мен сот қызметкерлері»; «атом саласының қызметкерлері».
Мысалы:
Үміткер 2019 жылдан бастап құрылыс компаниясында заңгер болып жұмыс істейді. Ол «инженерлік-техникалық қызметкерлер» санаты бойынша тағылымдамадан өтуге құжат тапсыра ала ма?
Жоқ, үміткер «инженерлік-техникалық қызметкерлер» санаты бойынша құжат тапсыра алмайды, өйткені бұл санат ұйымдағы өндірістік қызметті тікелей жүзеге асыратын қызметкерлерге арналған.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы мына санаттарға тағайындалады: бакалавр, магистр, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежелерін, сондай-ақ резидентурада оқуды алуға үміткерлер; ауылдық елді мекеннен шыққан магистр дәрежесін алуға үміткерлер; құжаттарды тапсыру кезінде инженерлік-техникалық қызметкерлер болып табылатын магистр дәрежесін алуға үміткерлер; жоғары медициналық білімі бар және жалпы медициналық еңбек өтілі кемінде 1 жыл болатын магистр дәрежесін алуға үміткерлер; құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметшілер болып табылатын, жалпы мемлекеттік қызмет өтілі кемінде 3 жылды құрайтын, оның ішінде соңғы 12 айын жолдаушы мемлекеттік органда атқарған магистр дәрежесін алуға үміткерлер; жалпы жұмыс өтілі кемінде 3 жылды, оның ішінде таңдалған мамандану саласында соңғы 12 айдағы үздіксіз нақты жұмыс өтілін қамтитын стажировкадан өтуге үміткерлер.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000573
Мысалы:
Марат DBA (Doctor of Business Administration) University of Reading университетінің бағдарламасына түскісі келсе, және шартсыз қабылдану хатының болған жағдайда «Болашақ» стипендиясына тапсыра алады ма?
Жоқ. «Болашақ» стипендиясы басым мамандықтар тізіміне сәйкес тағайындалады. «Болашақ» стипендиясы басым бағыттағы мамандықтар тізбесіне сәйкес тағайындалады, алайда қазіргі уақытта Business Administration мамандығы бұл тізімде жоқ болғандықтан, аталған мамандық бойынша стипендия алу мүмкін емес.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы тілдік курстардан өту мүмкіндігімен мына санаттарға тағайындалады (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000573):
1) Магистр дәрежесін алуға үміткерлер, ауылдық елді мекендерден шыққандар;
2) Магистр дәрежесін алуға үміткерлер, құжаттарды тапсырған кезде инженерлік-техникалық қызметкерлер болып табылатындар;
3) Медициналық бағыттағы мамандықтар бойынша магистр дәрежесін алуға үміткерлер, құжаттарды тапсырған кезде еңбек қызметін жүзеге асырып, медициналық ұйымдарда тікелей медициналық көмек көрсететіндер, жоғары медициналық білімі бар және жалпы медициналық еңбек өтілі 1 жылдан кем емес;
4) Магистр дәрежесін алуға үміткерлер, құжаттарды тапсырған кезде мемлекеттік қызметте жұмыс істейтіндер және мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 3 жылдан кем емес, оның ішінде соңғы 12 айын жіберуші мемлекеттік органда өткізгендер.
Мысалы:
Үміткер ауыл мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып 3 жыл жұмыс істесе, бірақ ауылды елді мекенде 1 жыл аз ғана тіркелген болса. Ол магистр дәрежесін алу үшін «ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлер» санаты бойынша құжаттарын тапсыра алады ма?
Жоқ, үміткер «ауылдық елді мекеннен шыққан үміткерлер» санаты бойынша магистр дәрежесін алуға құжаттарын тапсыра алмайды. Қағидаларға сәйкес, үміткер соңғы екі жыл ауылдық елді мекенде тұрақты тіркеуде болуы тиіс. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P080000573