Жиі қойылатын сұрақтар

Тестілеу бес пән бойынша жүргізіледі: үш міндетті және екі бейіндік пән. Тест тапсырмаларының саны – 120, оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша – 20, математикалық сауаттылық бойынша – 10, оқу сауаттылығы бойынша – 10 және екі бейіндік пән бойынша – 40 тапсырма.

Бейіндік пәндер тізбесі:

- математика және физика;

- математика және география;

- дүниежүзілік тарих және география;

- биология және химия;

- биология және география;

- шет тілі және дүниежүзілік тарих;

- оқу тілі мен әдебиеті;

- география және шет тілі;

- дүниежүзілік тарих және құқық негіздері;

- математика және информатика.