Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 385-бабына сәйкес жалған құжаттарды жасағаны үшін 2000 айлық есептік көрсеткiшке (бұдан әрі – АЕК) дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеледі не сол мерзiмге бас бостандығынан айырылады.
Жалған құжатты пайдаланғаны үшін 160 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартылады не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алынады (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226#z385). Мысалы: Егер адам құжатты жасаса, оған келесі санкциялар қолданылуы мүмкін: 2000 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Егер адам жұмыс берушіге жалған құжатты ұсынса, бұл келесі санкцияға жатады: 160 АЕК-ке дейін айыппұл немесе 40 тәулікке дейін қамауға алу.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес, жоғары оқу орындары білім туралы құжаттардың тарихи деректерін «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесінде цифрландыру жұмыстарын жүргізуде (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017657).
Қазіргі уақытта «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесінде (https://epvo.kz/#/verification_education_document) мемлекеттік және өзіндік үлгідегі дипломдардың түпнұсқалығын тексеру мүмкіндігі бар.
Бұл ретте жұмыс беруші жаңа қызметкердің дипломын тексере алады. Ол үшін:
«Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесіне (https://epvo.kz/#/verification_education_document) кіру,
Диплом нөмірі мен сериясын, сондай-ақ Жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН) енгізу.
«Тексеру» батырмасын басу және дипломның түпнұсқалығына көз жеткізу қажет.
Мысал: жаңа қызметкер жоғары білім туралы диплом ұсынды делік. Жұмыс беруші:
1. «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесіне (https://epvo.kz/#/verification_education_document) кіреді.
2. Диплом нөмірі «1234567», сериясы «ЖБ-Б» және ЖСН енгізеді.
3. «Тексеру» батырмасын басады.
Егер диплом аталған жүйеде табылып, берілген деректермен сәйкес келсе, жұмыс беруші оның түпнұсқалығына сенімді бола алады. Жүйеде деректер жоқ болса, жаңа қызметкер оқыған жоғары оқу орнына ресми растау алу үшін хабарласады. Беруші оның түпнұсқалығына сенімді бола алады. Жүйеде деректер жоқ болса, жаңа қызметкер оқыған жоғары оқу орнына ресми растау алу үшін хабарласады.
Жоғары оқу орындары өз қызметін тоқтатқан кезде, барлық құжаттары оқу орны орналасқан қалалық немесе облыстық архивіне тапсырылады.
«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (15-бап, 5-тармақ) сәйкес мемлекеттік, ведомстволық немесе жеке архивтер шығарған көшірмелер мен үзінділер құжаттың түпнұсқасымен бірдей заңды күшке ие (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z980000326_#z10).
Сондықтан қажетті ақпаратты немесе архивтік анықтаманы алу үшін тиісті қалалық немесе облыстық архивке жүгіну қажет .
Мысалы, Әсет зейнетақыны рәсімдеуді жоспарлады, ол үшін білім туралы құжаттарды ұсыну қажет болды. Өйткені ол оқыған оқу орны жабылған болатын, ол облыстық архивке жүгінді де, білімін ресми түрде растайтын анықтаманы алды.
Мысалы, Қазақстан–Ресей университеті жабылған, оның барлық архивтік құжаттары Астана қаласының архивіне тапсырылған. Кез келген түлек, өз білім алғаны туралы анықтама қажет болса, қала архивіне жүгініп, университеттің түпнұсқа құжатына тең.
Дипломның телнұсқасын беру мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 ақпандағы № 47 бұйрығымен реттеледі (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300031894#z66).
Дипломның және оның қосымшасының телнұсқасы құжат жоғалғанда, бүлінгенде, немесе тегі, аты, әкесінің атын өзгерткен кезде беріледі.
Егер азамат жеке деректерін өзгертсе немесе бүлінген дипломды ауыстырғысы келсе, ол ескі құжаттың түпнұсқасын тапсыруы қажет.
Өтінішті екі тәсілмен беруге болады:
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – ХҚКО) арқылы.
Бұл жағдайда жоғары оқу орны (бұдан әрі – ЖОО) дайын телнұсқаны өтініш берілген сол ХҚКО-ға жібереді. Электрондық үкімет порталы www.egov.kz (бұдан әрі – Портал) арқылы.
Мемлекеттік қызметті алу үшін порталға сілтеме: https://egov.kz/cms/kk/services/secondary_school/pass-mon212-214.
Бұл кезде өтініш берушіге телнұсқа дайын екені туралы хабарлама келеді, ал құжатты өзі оқыған ЖОО-дан алады.
Мысалы, Әлия жоғары білім туралы дипломын жоғалтып алды. Ол жақын жердегі ХҚКО-ға барып, телнұсқа алу үшін өтініш береді. ЖОО дипломның телнұсқасын дайындап, Әлия өтініш берген ХҚКО-ға жібереді. Әлия сол жерге барып, дипломның телнұсқасын алады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында 123 жоғары оқу орны жұмыс жасайды (оның 13 – ұлттық, мемлекеттік – 30, азаматтық емес – 15, дербес білім беру ұйымы – 1, халықаралық – 1, акционерлік – 11 және жекеменшік – 52).
2025-2026 оқу жылында білім алушылар контингенті 739 849 адамды құрайды. Оның ішінде: баклавриатта – 678 114 адам, магистратурада – 42 613 адам, резидентурада – 9 631 адам, докторантурада – 9 491 адам (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300031973).
Мысалы: Абай облысында білім алушылардың 20 634 адамды құрайды, Ақмола облысында – 13 489 адам, Ақтөбе облысында – 26 629 адам, Алматы облысында – 9 014 адам, Атырау облысында – 11 904 адам, Маңғыстау облысында – 8 219 адам, Жамбыл облысында – 22 442 адам, Жетісу өңірінде – 5 818 адам, Қарағанды облысында – 43 812 адам, Қостанай облысында – 20 073 адам, Қызылорда облысында – 20 030 адам, Павлодар облысында – 16 844 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 7 252 адам, Түркістан облысында – 12 729 адам, Ұлытау облысында – 1 407 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 17 651 адам, Астана қаласында – 116 844 адам, Алматы қаласында – 239 688 адам, Шымкент қаласында – 97 936 адам.
Білім беру бағдарламалары тиісті кәсіптік стандарттарда көзделген еңбек функцияларын орындау үшін қажетті негізгі құзыреттер мен білімдерді қамтиды.
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер біліктілік талаптарын әзірлейді (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000414#z101).
Біліктілік талаптары – бұл білімге, дағдыларға қойылатын талаптардың белгіленген жиынтығы. Белгілі бір лауазымға ие болу немесе белгілі бір кәсіби қызметті орындау үшін адамның білімі мен жұмыс тәжірибесі болуы керек. Қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары және белгілі бір жұмыс түрлерінің күрделілігі кәсіптік стандарттар негізінде белгіленеді.
Бүгінгі таңда Career.enbek.kz платформасы жұмыс істейді. Аталған платформада бекітілген кәсіптік стандарттар, кәсіптер тізілімі және басқа да қажетті ақпараттар орналастырылған. Кәсіби стандарт нақты кәсіби қызмет саласындағы білімге, дағдыларға, тәжірибеге, формальды және (немесе) формальды емес, және (немесе) бейресми білімге, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қатысты жалпы талаптарды белгілейді.
Мысалы, «Бағдарламалық жасақтама сәулетшілері» кәсіптік стандартының «IT-дизайнер» мамандық карточкасында «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер», «Информатика» мамандықтар бойынша базалық білімі бар мамандар қажет екендігі көрсетілген.
Мектеп мұғалімдері мен әдістемелік орталықтардың педагогтеріне нақты оқу жүктемесіне қарамастан, негізгі жұмыс орны бойынша:
1. ғылыми-педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламалары бойынша магистр дәрежесі болған кезде;
2. бейіндік магистратураны бітірген және педагогикалық бейіндегі магистратураның білім беру бағдарламасын қосымша меңгерген магистрлерге айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінде қосымша ақы есептеледі.
Мысалы, өтініш берушіде «7M011 – Педагогика және психология» бағыты бойынша магистр дипломы болған кезде, көрсетілген бұйрыққа сәйкес 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.
Осы бұйрықты әзірлеуші білім беру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
Шетелде алған PhD немесе бейін бойынша доктор ғылыми дәрежесін тану процесі Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты Жоғары білімді дамыту ұлттық орталығында жүргізіледі. Бұл білім туралы құжаттарды тану бойынша мемлекеттік көрсетiлетiн қызмет ретінде жүзеге асады.
Мемлекеттік қызмет Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттарды тану қағидалары бойынша тәртіппен жүреді (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2300032800).
Қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтарға ізденушілердің шыққан монографиясы немесе оқу құралы немесе оқулығы соңғы бес жылда жарияланған болуы керек.
Нормативті түрде бұл ереже Ғылыми атақтар беру ережелерінде бекітілген (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100006939).
Мысалы, ізденушінің 2018 жылғы монографиясы бар, ол 2025 жылы қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағына құжаттар тапсырды. Монографияның жариялыған мерзімі бес жылдан асып тұр, сондықтан оны санамайды.
Ғылыми атақтар беру кезінде халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы Жарияланымдар олардың процентильіне байланысты әр түрлі ескеріледі. Бұл талап Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережелерінің 4-тармағында жазылған. (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100006939)
Егер қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағына ізденуші процентилі 35-тен жоғары (немесе журнал Q1, Q2, Q3 квартилінде болса) журналда мақаласын жарияласа, онда сол бір мақала ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитет (бұдан әрі – Комитет) ұсынатын журналдағы екі мақала ретінде саналады.
Егер журналдың процентилі 35-тен төмен болса, онда осы журналдағы бір мақала Комитет ұсынатын журналдағы бір мақала ретінде саналады.