2025 жылы жалпы сыйымдылығы 10 080 орындық 30 жатақхана пайдалануға берілді. Оның ішінде жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған 8 031 орындық 22 жатақхана және колледж студенттеріне арналған 2 049 орындық 8 жатақхана бар. Атап айтқанда:
ЖОО студенттері үшін: Алматы қаласында – 2 225 орындық 11 жатақхана, Астана қаласында – 3 603 орындық 4 жатақхана, Түркістан облысында – 644 орындық 2 жатақхана, Атырау облысында – 807 орындық 2 жатақхана, Шымкент қаласында – 620 орындық 2 жатақхана, Абай облысында – 132 орындық 1 жатақхана.
Колледж студенттері үшін: Алматы қаласында – 260 орындық 2 жатақхана, Астана қаласында – 938 орындық 1 жатақхана, Ақмола облысында – 400 орындық 2 жатақхана, Алматы облысында – 200 орындық 1 жатақхана, Жамбыл облысында – 150 орындық 1 жатақхана, Түркістан облысында – 101 орындық 1 жатақхана.