Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы статистикалық деректер

Елде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлаумен 122 жоғары оқу орны айналысады

Білім алушылар контингенті 724 107 адамды құрайды (2024 ж. – 680 156, 2023 ж. – 642 588, 2022 ж. – 606 394, 2021 ж. – 614 739, 2020 ж. – 623 839 адам); мемлекеттік тапсырыс бойынша: 298 743 (2024 ж. – 287 048, 2023 ж. – 255 685, 2022 ж. – 245 347, 2021 ж. – 233 473, 2020 ж. – 228 121 адам).

Профессор-оқытушылар құрамының жалпы саны – 45,5 мың адам, ғылыми дәрежелілік – 47,7% (ғылым кандидаттары – 10 374 адам, ғылым докторлары – 2 714 адам, PhD докторлары – 4 841 адам).

Биыл жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 93 232 грант бөлінді, оның ішінде жоғары білімге – 77 084 грант.

2024 жылдың қыркүйегінен бастап стипендия мөлшері артты: бакалавриат бағдарламасы бойынша 20%-ға: 52 372 теңге (2024 ж. – 47 135 тг, 2023 ж. – 41 898 тг); педагогикалық ғылымдар бойынша: 84 000 теңге (2024 ж. – 75 600 тг, 2023 ж. – 67 200 тг); магистранттар мен докторанттарға – 15%-ға: 117 098 теңге (2024 ж. – 107 061 тг, 2023 ж. – 97 024 тг); докторанттарда – 262 500 теңге (2024 ж. – 240 000 тг, 2023 ж. – 217 500 тг).

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап стипендия мөлшері 2020 жылмен салыстырғанда екі есеге артты.

ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамының жалақысы 160,7 мың теңгеден 350 мың теңгеге дейін, ал ұлттық жоғары оқу орындарында 228,8 мың теңгеден 400 мың теңгеге дейін көтерілді.

Дата публикации
30 декабря 2025