Ішкі мемлекеттік аудиттің 2025 жылғы үшінші тоқсандағы қорытындылары туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ішкі аудит департаменті 2025 жылғы үшінші тоқсанда 2 аудиторлық іс-шараны келесі объектілерде өткізді:

1. «Маңғышлақ эксперименттік ботаникалық бағы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

2. «Зоология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

Аудиторлық іс-шаралар активтердің бухгалтерлік есебін жүргізу, Даму жоспарлары мен Еңбекақы төлеу қорының көрсеткіштерін жоспарлау және орындау кезінде қаржылық және процедуралық бұзушылықтарды анықтады.

Сондай-ақ ғылыми жобалар мен мемлекеттік тапсырмаларды іске асыру, рәсімдерді өткізу және мемлекеттік сатып алу шарттарын орындау кезінде рәсімдердің сақталмауы анықталды.

Бұзушылықтар мен кемшіліктерге жол берудің себептері ішкі бақылаудың әлсіз жүйесі, жауапты тұлғалардың функционалдық міндеттеріне тиісінше қарамау, нормативтік құқықтық актілерді және аудит объектілерінің ішкі құжаттарын дұрыс қолданбау болып табылады.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою, сондай-ақ бизнес-процестерді жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсынымдар жіберілді.

Ішкі мемлекеттік аудитті жүргізу барысында аудит объектілеріне Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын қолдану бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсетілді.

Дата публикации
15 октября 2025