«Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесі (100400, Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30) «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ-тың Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі Басқарма мүшесі – проректорының бос лауазымына конкурс жариялайды (мекенжайы: Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30).
Негізгі қызмет түрі – жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну.
Қызметтің мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыру, дамыту және кәсіби тұрғыда жетілдіру үшін сапалы білім алуға, оқытуға және оқытушылыққа қажетті жағдай жасау, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болуы;
2) білім беру ұйымдарында және (немесе) тиісті салалардағы уәкілетті органдардабасшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Конкурсқа қатысуға құқығы жоқ тұлғалар:
1) жиырма бес жасқа толмағандар;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағандар;
3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығы барлар;
4) медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
1. Өтініш (2-қосымшаға сәйкес нысанда);
2. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3. Конкурсқа қатысушының түйіндемесі, 3х4 өлшемді түрлі-түсті фотосуретімен (3-қосымшаға сәйкес нысанда);
4. Білім туралы құжаттардың көшірмелері және оларға қосымшалары, түпнұсқалары тексеру үшін ұсынылады:
– Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне, уәкілетті орган берген тану немесе нострификациялау куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. Бұл талап «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген шетелдік жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтардың және зертханалардың білім туралы құжаттарына, сондай-ақ білім беру құжаттарын өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге) сәйкес берілген құжаттарға қолданылмайды;
– «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтағаны туралы «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ берген анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;
– Білім беру құжаттарын өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттарға сәйкес берілген құжаттардың көшірмелеріне уәкілетті орган берген тану туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
5. Еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі (қызметкердің қазіргі немесе соңғы жұмыс орнындағы кадр қызметімен куәландырылған);
6. Денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультативтік қорытынды) №075/у нысаны бойынша, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес, құжаттарды тапсыру күнінен алты айдан аспай берілген;
7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама, құжаттарды тапсыру күнінен бір жылдан аспай берілген (мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес);
8. Наркологиялық ұйымнан анықтама, құжаттарды тапсыру күнінен бір жылдан аспай берілген (мемлекеттік қызметтер туралы заңнамаға сәйкес);
9. Қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазым атқаруға тыйым салынбағанын растайтын құжат.
10. Жоғары оқу орнының ғылыми және халықаралық қызмет бағыты бойынша даму бағдарламасы. Университеттің даму бағдарламасы Power Point форматында, көлемі 10 слайдтан аспайтын презентация түрінде ресімделуі тиіс.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар қосымша түрде білім алуына, еңбек өтіліне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты ақпараттарды ұсына алады (біліктілікті арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтарды беру туралы құжаттар, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер).
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Конкурстың өткізілу күні мен орны қосымша хабарланатын болады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде мына мекенжайға тапсыру қажет: «Қарағанды индустриялық университеті» КЕАҚ, 100400, Теміртау қаласы, Республика даңғылы, 30, жаңа корпус, 207-кабинет. Байланыс телефоны: +7 705 509 42 64; е-mail: r.zhaslan@tttu.edu.kz.