Жасанды интеллект барлық мамандық студенттері үшін міндетті пән ретінде 95 университетте енгізілді.
Еліміздің 30 университетінде салалар бойынша жасанды интеллект мамандарын даярлайтын 38 жаңа білім беру бағдарламалары енгізілді.
Қазақстанда жұмыс істейтін 40 шетел университеттерінің филиалдарынан 12-інде жасанды интеллект және киберқауіпсіздік бойынша бағдарламалары бар.
Олардың ішінде SeoulTech, Woosong University, Korea Advanced Institute of Science and Technology, City U of Hong Kong, Лу Бань шеберханалары, Heriot Watt, Cardiff, Coventry, The University of Arizona, Мәскеу мемлекеттік университеті және т.б.
Қазақстанда жасанды интеллект бойынша 2 815 студент оқып жатыр.
AI-Sana бағдарламасы аясында студенттер мен жас зерттеушілер Huawei, Coursera, Nvidia, Google, Astana Hub білім беру платформаларында 442 мың сертификат алды. Бұл 70%-дық көрсеткіш.
Бүгінде студенттер 119 жасанды интеллект агентін жасады.
Бірқатар университеттерде жасанды интеллект бойынша арнайы кафедралар мен ғылыми зертханалар жұмыс істейді.
4 университет өздерінің есептеу қуаттарымен қамтамасыз етілген (кластердің жиынтық қуаты – 42 PFLOPS).