Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, Қазақстанда ғылым саласында 27 146 ғалым жұмыс істейді (өткен жылмен салыстырғанда +7%). Зерттеушілердің 41,4%-ының ғылыми немесе академиялық дәрежесі бар, оның ішінде: 2 050 ғылым докторы, 4 727 ғылым кандидаты, 4 156 PhD докторы және 318 бейіні бойынша доктор бар. Ғалымдардың 47%-ы – 40 жасқа дейінгі, 31%-ы – 40 пен 54 жас аралығында, ал 22%-ы – 55 жастан асқан.
ҒЗТКЖ (ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды) жүзеге асырған кәсіпорындар саны – 423 ұйым. Олардың ішінде 99-ы мемлекеттік секторға, 105-і жоғары кәсіби білім беру секторына, 204-і кәсіпкерлік секторға және 15-і коммерциялық емес секторға жатады.
Ағымдағы жылы 2 361 ғылыми жоба, 264 ғылыми-техникалық бағдарлама және 208 коммерцияландыру жобасы жүзеге асырылуда.