Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» жобасын әзірледі (бұдан әрі – жоба).
Жобаны қабылдаудың мақсаты «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсетудің нормативтік негізі болып табылатын Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін жетілдіру болып табылады.
Бұл өзгерістер білім беру сапасын одан әрі арттыруға, ашықтықты арттыруға және Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган белгілеген біліктілік талаптарына сәйкестігін арттыруға бағытталған.