2024 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Т.Б.Дүйсенованың төрағалығымен өткен Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық кеңес отырысы хаттамасының «Кәсіптік біліктілік туралы» Заңда көзделген функцияларды ережеге енгізу жөніндегі 2.5-тармағына сәйкес Кәсіптік стандарттарды әзірлеу және бекіту жоспарланған.
Осы заң нормасын іске асыру аясында «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысына тиісті толықтыру енгізіледі.
Қаулының жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды.