Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрығына өзгерістер еңгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрығының жобасын даярлады.
Бұйрық жобасы тұжырымдамалық аппаратты кеңейту бойынша өзгерістер енгізуді, аккредиттеу органының институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуді жүргізуі бойынша деректерді енгізу үшін Жоғары білімнің бірыңғай платформасында тіркеу жөніндегі талаптарды көздейді.
Сондай-ақ, бұйрық жобасы сараптамалық комиссия құрамында шетелдік және қазақстандық сарапшылардың болуына қатысты нақтылауды, жоғары курс білім алушыларын тартуға қойылатын талаптарды және олардың білім деңгейінің аккредиттелетін бағдарламаның деңгейі мен бейініне сәйкестігін, аккредиттеуді жүргізу рәсімін және республикалық Аккредиттеу Кеңесінің қызметін көздейді.
Бұл өзгерістер аккредиттеу органдарын тану, танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімдерін жүргізу тәртібі мен мерзімдерін ұзарту рәсімін автоматтандыруға мүмкіндік береді.