Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі «2025 жылға арналған ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, ғылыми орталықтардың және өзге де ұйымдардың тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.
Жоба «Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 18 тамыздағы № 422 бұйрығы шеңберінде әзірленді.
Жоба 2025 жылғы «13» ақпанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15443089) орналастырылған. Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі 2025 жылғы «06» наурызға дейін.
Барлық мүдделі азаматтар жобаны талқылауға қатыса алады.