Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрығының жобасын даярлады.
Бұйрық жобасы Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережесінде докторлық диссертациялар қорғауында жасанды интеллект технологияларын пайдалануды тексеруді реттеу туралы өзгерістерді көздейді. Сондай-ақ диссертациялық кеңестерді білім беру бағдарламалар тобы бойынша ашу, қайта қорғау процедурасын, диссертациялық кеңес мүшелерінің қорғауда онлайн форматта қатысу жағдайларын нақтылау туралы түзетулер енгізіледі.