1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі «Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» КеАҚ директорлар кеңесінің (бұдан әрі – Директорлар кеңесі) тәуелсіз директорын сайлау бойынша конкурстық іріктеу (бұдан әрі – Іріктеу) туралы хабарлайды.
Құжаттарды қабылдау осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 2025 жылғы 21 ақпанда аяқталады.
Кандидаттардың құжаттары бар конверттерді ашу 2025 жылғы 24 ақпанда, сағат 10.00-де Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс, 1045-кабинет мекенжайы бойынша өтеді.
Конверттерді ашқаннан кейін Комиссия бес күн мерзім ішінде кандидаттардың талаптарға сәйкестігін бағалайды.
Бағалау нәтижелері бойынша талаптарға сәйкес келетін қатысушылар электрондық пошта арқылы күні, уақыты және өтетін орны көрсетіле отырып, сұхбатқа шақырылады. Конкурсты бейнеконференция арқылы өткізуге болады.
Комиссия Іріктеуге қатысушылармен (кандидаттармен) «Мемлекеттік мүлік туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы» «Білім туралы», «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қоғам қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және білім беру ұйымы қызметінің ерекшелігін білуіне әңгімелесу өткізеді.
Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия Жалғыз акционерге кандидатты Директорлар кеңесіне сайлауға ұсыныс болып табылатын хаттамаға қол қояды. Жалғыз акционер Директорлар кеңесіне сайлау жөніндегі түпкілікті шешімді мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып қабылдайды.
Анықтама үшін телефон 8 (7172) 74-20-64.
2. «Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті» КеАҚ (бұдан әрі – Қоғам).
Қоғамның орналасқан жері: 130000, Ақтау қаласы, 32-ықшамауданы 1, 8 (7292) 78-87-88.
Негізгі қызметтің қысқаша сипаттамасы: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы қызмет, ғылыми қызмет.
3. Директорлар кеңесінің құрамына кандидаттарды іріктеу кезінде:
1) басшы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі;
2) директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі жұмыс тәжірибесі;
3) жұмыс өтілі;
4) қолда бар халықаралық сертификаттарды қоса алғанда, білімі, мамандығы;
5) бағыттар мен салалар бойынша құзыретінің болуы (жоғары білім және ғылым саласында);
6) іскерлік беделі;
7) тікелей немесе әлеуетті мүдделер қақтығысының болуы назарға алынады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (бұдан әрі – Қоғам) үлестес тұлғасы болып табылатын және ол Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде үлестес тұлғасы болып табылатын тұлғалар (оның осы акционерлік қоғамның тәуелсіз директоры лауазымында болу жағдайын қоспағанда) осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылатын тұлға; осы акционерлік қоғамның немесе осы акционерлік қоғамның үлестес тұлғалары - ұйымдарының лауазымды адамдарына бағыныстылыққа байланысты және ол Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде осы тұлғаларға бағыныстылыққа байланысты; мемлекеттік қызметші; осы акционерлік қоғам органдарының органдарының отырыстарында және өзі Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде акционердің өкілі болып табылатын тұлға; осы акционерлік қоғамның аудитіне аудиторлық ұйымның құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде қатысқан және өзі Директорлар кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде осындай аудитке қатысқан болып табылатын тұлға Қоғамның Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры болып сайланбайды.
4. Іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Тәртіпке 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысу туралы өтініш;
2) кандидаттың түйіндемесі;
3) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі; бар болған жағдайда жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжат;
5) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) білім және (немесе) экономика және (немесе) кәсіпкерлік және (немесе) құқық (бар болса) саласындағы қоғамдық бірлестіктерге мүшелігін растайтын құжаттар;
7) осы Тәртіпке 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған кандидат туралы мәліметтер.
8) корпоративтік басқару тәжірибесін растайтын құжаттар (бар болса);
9) келесі мәлеметтерді қамтитын еркін түрде гі анықтама ақпараттар:
9.1) басшы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі;
9.2) директорлар кеңесінің мүшесі ретіндегі жұмыс тәжірибесі;
9.3) жұмыс өтілі;
9.4) қолда бар халықаралық сертификаттарды қоса алғанда, білімі, мамандығы;
9.5) бағыттар мен салалар бойынша құзыретінің болуы (жоғары білім және ғылым саласында);
9.6) іскерлік беделі;
9.7) тікелей немесе әлеуетті мүдделер қақтығысының болуы.
Іріктеуге қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.
5. Іріктеуге қатысушы (кандидат) өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгілеп, конвертке салып мөрлейді.
Бұл конвертте қатысушының (кандидаттың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.
Ішкі және сыртқы конверттер:
1) Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі,
11-кіреберіс, 857-кабинет мекенжайына жолдануы қажет.
2) «Ұйымның атауы көрсетіледі» КеАҚ директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларының іріктеуі» және «________ дейін ашпаңыз» деген сөздер болуы тиіс (Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылған хабарландыруда көрсетілген конверттерді ашу күні мен уақыты).